Азамат Сатыбалды мен Айгүл Иманбаева театр сахнасында серіктес атанбақ! Қос өнерпаз қандай қойылым әзірлеуде?!

Сообщить о проблеме с эфиром

Арман мен Аша ән әлемінен жағымды жаңалық ұсынғанда, Азамат Сатыбалды мен Айгүл Иманбаева театрдағы тың ақпараттан құлағдар етті. Бүгінде, жаңа жобаны қолға алған қос өнерпаз, қалың көпшілікке қандай тосын сый әзірлеп жатыр?!

Бүгінде қызу жұмысқа кіріскен қос театрдың басшысы, шет елдік режиссерлармен келісім жүргізуде. Азамат пен Айгүл бой көрсететін қойылым қос астанамыздың көрермендеріне осы жылдың күзінде ұсынылмақ!!!

Азамат Сатыбалды , актер: - Арнайы Алматы мен Астананың ортасында, екі қаланы біріктіре отыра, қаланың театры. Айгүл екеуіміз отырамыз жұмыс барысына. Күзде бір коммерциялық спектакль дүниеге келеді. Ол екі қалада бірдей жүреді. Айгүл екеуіміздің біріккен, 2 театрдың тамаша қойылымы болады.

Әзірге қос тарап та спектакльдің атауы мен жанрын жұмбақ күйде ұстап отыр. Алайда, бұл жобаның жұмысы күні кеше жоспарланған жоқ! Театр сахнасында бірігіп өнер көрсету, Азамат пен Айгүлдің студенттік жылдардағы арманы екен.

Айгүл Иманбаева, актриса, әнші: - Өйткені бұл екеуіміздің баяғыдан армандаған арманымыз болатын. Аллаға шүкір қазір екеуімізде соның бір бастамасын бастағандаймыз. Сол себептен шығармашылығымыз өте тығыз байланыста. Өте жақсы жоба алда жасаймыз!!!

Айта кетейік, Азамат басқаратын өнер ошағының жұмысы мұнымен шектелмейді. Барлық аудиторияны қамтудың көздеген ол, отандық киноиндустрияда жұлдызы жанған орыс тілді әріптестерімен де жаңа қойылымды пысықтауда.

Азамат Сатыбалды, актер: - Болашақта көптеген проектілер бар. Ол біздің танымал актерлармен келісім шарт жүргізілді қазір. Тіпті, Санжар Мәдиевтің өзі спектакль ойнаймын деп маған келісіп отыр. Біз орыс тілінде де, қазақ тілінде де, қазіргі заманауи тілде де ойнай береміз.

Айгүл Иманбаева, актриса, әнші: - Театр көптік етпейді. Хас сұлудың көз жасындай мөлдір өнер ол театр деп Ғабең айтқан. Сондықтан, театрда кездесейік.