Дүлдүл Димаш, Қытайдағы “MTV Music Awards” марапатында «Ең үздік шет елдік әнші» номинациясын ұтты

Сообщить о проблеме с эфиром

Димаштың әр атқарған жұмысы жемісті, әр күні жеңіске толы. Шілденің 19-ы күні Қытайдың Гуанджоу шаһарында өткен #AsianMusicGala2017 шарасында «Ең танымал шет елдік әнші» номинациясын еншілесе, күні кеше қазақ баласының қанжығасы тағы бір жүлдемен толықты.

Бұл жолы Құдайбергенов, аспан асты елінің Шынжен шаһарындағы, «MTV Global Chinese Music Awards» премиясының «Ең үздік шет елдік әнші» аталымында бас бәйге алды. Айта кетейік, бұл марапатқа үміткер өнерпаздар, 22-ші мамыр мен 10-шы маусым аралығында халықтың дауыс беруі арқылы анықталған.