«Қағаз кеме» телехикаясының түсірілім жұмыстары қызу жүріп жатыр

Сообщить о проблеме с эфиром

«Найнти уандық» мемберлердің қатысумен таспаланып жатқан «Қағаз кеме» телехикасын асыға тосып жүрген боларсыз! Мектеп партасына қайта отырған кью – поперлермен біздің арна арқылы жаңа маусымда қауышасыз! Әзірге, түсірілім алаңынан эксклюзивті кадрларды ұсынамыз!

Ерболат Беделханның режиссерлігімен «Қағаз кеме» телехикаясының түсірілім жұмыстары қызу жүріп жатыр. Продюсер шын пайдалы дүние ұсынуды көздеп отыр.

«Ninety one» тобы: – Ол мектеп Қазақстанда жоқ мектеп. Мен кішкентай кезімде армандаған мектеп ол.

Құпия мектептің ішінде өрбіген қым-қауырт оқиғалар жайлы сәл кейінірек білетін боласыздар. Әзірге, екі басты кейіпкермен танысыңыз! Зарина Заман! Мемберлер білім алып жатқан мектептің директоры! Бұл - рөл Әсел Сәдуақасоваға бұйырған.

Музыкамен жаны егіз – Асыл Айдар өзін сомдайды десек жаңылмаспыз! Себебі, ол вокал мұғалімі кейпінде көрінеді.

Түсірілім басталмас бұрын біз жігіттерді киім дүкенінде жолықтырған болатынбыз! Қайта оқушы атанғандықтан, сәнді әрі стильді мектеп формасын таңдауға келіпті.

Азиза Нұрхайдарова, «Angelcher» компаниясының менеджері: – « Angelcher» компаниясы «Найнти уан» тобы үшін ерекше мектеп формасын жасап шығарды. Негізі, жігіттердің талғамы жоғары. Сондықтан олардың әрқайсысының қалауын орындауға тырыстық. Мәселен, Эй – зи шалбарының кең балақты, өзгеше стильде болуын талап етті.

Иглз асыға тосқан «Қағаз кеме» телехикасы жаңа маусымда НТК эфирінен көрерменге жол тартады.