Нью-Йоркте Стивен Кинг кітабының желісімен таспаланған «Темная башня» картинасының тұсауы кесілді

Сообщить о проблеме с эфиром

Қаламы қарымды жазушылардың шығармасы бойынша түсірілген фильмдер жаман шықпасы анық. Мәселен, Нью Йоркте Стивен Кинг кітабының желісімен таспаланған «Темная башня» картинасының тұсауы кесілді. Киногерлер, фантастикамен өрілген қорқынышты кинотуынды көрерменнің оң бағасын иеленеді деген сенімде. 

Енді, киносүйер қауым америкалық жазушы Стивен Кингтың кітабын оқымай ақ, автордың туындысымен үлкен экран арқылы таныс бола алады. АҚШ-тың Нью Йорк қаласында өткен «Темная башня»  фильмнің премьерасына бас кейіпкерлер Идрис Эльба мен Мэ́ттью Макко́нахидің өзі қатысып қайтты. 

Шарада Макко́нахи жалғызсырағысы келмен болар, сондықтан өзімен бірге сүйікті жары – модель Ками́ла А́лвесті ертіп келген. 
Мэттью Макконахи, актер:
-Жағымсыз кейіпкерлерді сомдағанды ұнатамын. Себебі олардың мүмкіндіктері зор, әрі олар ешқашан өзгеге жағымпазданбайды. Негізінде, фильмдегі  жамандық өмірде де жиі кездесіп жатады. Маған Уолтер рөлін сомдау аса қиынға соқпады.

Ең қызығы, жазушы Стивен Кинг «Темная башня» романын экранизациялау құқығын небәрі 19 доллар, 19 центке саудалаған. Аталмыш сома бекер таңдалмаған көрінеді. Себебі, кітапта 19 санының өзіндік мағынасы бар...
Николай Арсель, режиссер: 
-Түсірілім барысында автордың біршама көмегі тиді. Егер,  қандай да сауал туындай қалса, барлығын жазуышының өзінен сұрар едім. 

Қазақстандық көрермен, жақсылық пен жамандық тартысқан атыс-шабысқа толы фантастикалық туындыны, тамыздың 3-нен бастап үлкен экрандардан тамашалай алады!