Иглздарға эксклюзивті жаңалық! «Найти уандық» мемберлер туралы тұңғыш фильмнің тұсауы кесілетін күн де таяп қалды

Сообщить о проблеме с эфиром

Иглздарға эксклюзивті жаңалық! «Найти уандық» мемберлер туралы тұңғыш фильмнің тұсауы кесілетін күн де таяп қалды. Бұл картина көрерменін таңқалдырып, кью-поперлердің ел білмес құпияларын ашады дейді авторлары.  

Иглздардың сүйікті мемберлері туралы байопикты тамашалар уақыты алыс емес. Киногерлердің айтуынша, фильм көрермен назарына ұсынылуға сақадай сай..
Асқар Ұзабаев, продюсер:
-Түсірілім бір демде өтті. Өте қысқа уақытта, небәрі 20 күннің ішінде картинаны таспалап бітірдік. Топтың атышулы болғанына қарамастан, бәрі сәтті, еш қиындықсыз өтті.

Тіпті, ыстығы басылмаған кинокартинаның жабық көрсетілімі өткізіліп, алғашқы көрермендерден өз бағасын алып үлгерген. Әзірше, фильм оң қабақпен қабылдануда...
Әсел Садуақасова, продюсер:
Біз кинотеатрлардың өкілдеріне, тіпті киносыншыларға да көрсеттік. Ең қызығы, тамашалағандар арасында көз жасына ерік бергендер көп болды.

Жабық көрсетілімге келушілер ғана емес, «Найнти уандық» мемберлер де кинокартинаны тамашалап болған соң таңданыс білдірген көрінеді. 
Әсел Садуақасова, продюсер: 
-Олар ерек сезімде болды. Мұндай болып шығады деп күтпеген болу керек. Бізге алғыстарын да білдіріп жатты.

Үлкен жұмыстың барлығы артта. Кинокартинаның саундтрегі жазылып, бейнебаяны да монтаждалуда. Продюсер Асқар Ұзабаев, фильм әнінің мүлде ерекше болатынына сенімді..
Асқар Ұзабаев, продюсер:
-Бұл бұрынғылардан мүлде бөлек, ерек туынды болмақ. Тіпті, жаз маусымының хитына айналарына да сенімдімін..

«Найти уандықтар» кинокартинаның тұсаукесері алдында иглздарына талай тосын сый әзірлеуде. Мемберлер сіздің үйіңізге қонақ болып келсе де еш таңқалмаңыз! Тың жаңалықтарды тек НТК арнасының сайтына біле аласыз!