«Однажды в России» жобасының жұлдызы Ольга Картункованың 84 келі салмақтан арылды!

Сообщить о проблеме с эфиром

«Однажды в России» жобасының жұлдызы Ольга Картункованың 84 келі салмақтан арылғанын естігенде, таңқалғанымды көрсеңіз! Осыншалықты күреске күш-жігері қалай жетті екен? Мазалаған сауалдың бәріне эксклюзивті түрде жауап алатын мүмкіндік туды.  

«Толық бітімім бұрын да жігіттердің махаббаттына бөленуге қолбайлау болмайтын», - дейді актриса. 84 келімен қош айтысқалы өмірінде айтарлықтай өзгерістер орын ала қоймапты. Дегенмен, мүсінін қалыпқа келтіргелі жобаларға шақыртулар молайып, өнер иесінің шығармашылығына деген сұраныс артқан.

Ольга Картункова, актриса:

– Маған киім алу өте қиынға соғатын. Костюмерлерді  ертіп алып, шақ келетін затты таба алмай әлектенуші еді. Бұрын 70-ші өлшем киетін болсам, бүгінде 44-46 -шы өлшемге көштім. Соның есібінен гардероб жаңартуда көп шығындалмайтын болдым.

Екі жыл бойына қатаң ем-дәм ұстанып, спортпен белсенді айналысқандықтан ғана қажетті нәтижеге қол жеткізгенін айтады. Атын жамылып арықтайтын түрлі эликсирлерді ұсынушы алаяқ жарнамашылар әбден титығына тиіп біткен. Сондықтан да, ғұмырнамалық кітабында семіздікпен күрес жайына да бір тарау арнамақ.

Ольга Картункова, актриса:

– Көпшілік қалай арықтағаным жайлы кітап жазып жатыр деген ойда жүр. Бірақ, «ес біліп, етек жиғалы» өмірім хақында айтқым келеді. Дегенмен, Азамат Мұсағалиев сол кітапқа жазылған оқиғаларды негізге алып стендап шоу жасады деген ұсыныс айтты. Мен қабылдадым.

Бұған қоса, Оля қараша айында көреременге жол тартатын «Две девицы на мели» телехикаясында бой көрсетеді. Тоқтаусыз тіршілігімен қатар мінсіз мүсін қалыптастыру жолында ол әлі де еңбек ете бермек.