Милитари, ретро, классика! Әжелердің сандығындағы көйлектер биылғы күздің тренді!

Сообщить о проблеме с эфиром

Таяуда, Лидо отандық ательелердің бірімен жасаған каллоборациясын ұсынғанды. Сылқым топтамасын түгел денимнен тіккен! Сәнқой бикеш биылғы күздің трендін дөп басқандай. Джинсыдан өзге қара былғары мен ши барқыт осы маусымның тенденциясы!

Ши барқыттың бір түсті болғаны абзал. Оның үстіне, тек сырт киім мен шалбарлы костюм ғана осы матадан ұтымды көрінеді. Шифон мен драп, күдері сынды қалың маталарды да үйлестіру – маст хэв.

Жанель Бертаева,  Merсedes-Benz Fashion Week -тің негізін қалаушы:

– Анаңыздың жас кезінде киген көйлегімен сіз тренде боласыз! Сол пішім, түстер, үлгілер қайта оралды.

Тор көзді, жолақты костюмдер, пәлте, күртешелер әрбір сәнқойға осы маусымда керек-ақ. Подуим – бұл тенденция ерлерге де тән екенін көрсетті.

Ян Рей, Merсedes-Benz Fashion Week -тің негізін қалаушы:

–Кереге көз костюм, жейделер сәнде. Астары теріден тігілген сырт киімдер де - актуалды. Бастысы, барсетка және Нью – Йорк деген жазуы бар телпектерден арылған жөн.

Белдемшенің де, шалбардың да белі биік болғаны дұрыс. Сосын, тым ұзын әрі қалың шарфтар да сәнге қайта оралды. Денимнің де алуан түрі – трендте.

Евгения Тянь,  сәнқой:

– Тотал лук  - cәнде! Мәселен, түгелдей дерлік  қара былғары киюге кеңес беремін. Қызғылт, нюд-тотал луктар да – актуалды.

Былғары күртеше, белдемше, шалбар, жейдені де жатсынбаңыз! Бәрін бірден киіп алудың да артықтығы жоқ. Бұл талғамсыздықтың емес, соңғы тенденциядан хабардар екеніңіздің белгісі.

Евгения Тянь,  сәнқой:

Қызыл түс – маусымның хиті! Аяқ киім, көйлек, аксессуар түгелдей дерлік қызыл болса, сіз сәннен хабары бар ару екеніңізді көрсетесіз!

Салтанатты кештерге жеңіл әрі жұқа матадан тігілген көйлек пен камбенизондар лайық. Қанық түстерді көбірек басымдық беріңіз. Бұл білікті сәнгерлердің ұсынысы.