Ninety One тобынан сыйлық! «Қағаз кеме» телехикаясының саундтрегіне үздік кавер-нұсқа жасаушыға «91-лік» мемберлер өздері қоңырау шалмақ!

Сообщить о проблеме с эфиром

Сіздің, «91» тобынан тамаша сыйлық алуға мүмкіндігіңіз бар. Ол үшін «Қағаз кеме» сериалының саундтрегін сәтті қайталап берсеңіз болғаны. Ninety One тобының жанкүйерлері үшін НТК арнасында мега-байқау жарияланды! 

Ол үшін «Қағаз кеме» сериалының «Орда» тобының орындауындағы саундтрегіне өз кавер-нұсқаңызды жасап, оны бейнежазбаға түсіріп жеке парақшаңызға жүктеңіз. 

#каверКагазКеме 
Осы хэштегті белгілеп «Участвую в конкурсе НТК» мәтінін қоса жазуды да ұмытпаңыз! Бір айға ұласатын бұл бәйгенің үш жеңімпазын, «Қағаз кеме» телехикаясының НТК арнасында тұсауы-кесілетін күні жариялаймыз!
 
Үздіктерді «91-ліктер» өздері анықтайды! Үшінші орынға - «Ninety One» мемберлерінің қолтаңбасы бар постер, екінші орын иегеріне де  жеке қолтаңбалары қойылған диск, бас жүлдегерге - «91» тобының мүшелері жеке қоңырау шалатын болады! Асығыңыздар!