Дизайнер мырзалар, сіздерге не болған? Миландағы сән апталығы өз мәресіне жетті

Сообщить о проблеме с эфиром

Миланда бүкіл әлемнің кербез аруларын бір шаңырақ астына жинаған сән апталығы өз мәресіне жетті. Ең үздік дизайнерлер ұшқыр қиялдарымен көпшілікті таңқалдырудан жалығар емес. 

Шараның соңғы күні киімдерін таныстырған «Дольче & Габанна» брендінің де өзгелерден қалысар ойы жоқ. Қос сәнгер, Доменико мен Стефано бұл жолы «ойын картасы» арқылы есте қалмақ ниетте.

Дизайнерлерге шабыт дәл карта ойнап жатқанда келгендей. Десе де, топтаманы «сәтті шыққандар» қатарына жатқызуымызға болады. Иә, алты күнге жалғасып, алпыстан астам сән үйінің көрсетілімі осымен тәмам. Ал, әсемдік қуған сұлу сылқымдар, фэшн апталығынан ой түйіп, келесі жылға киімдерін дайындай берсе болады.