Қазақтың Псайы атанған өнерпаз, әйгілі рэпермен арадағы құпияны ашты!

Сообщить о проблеме с эфиром

Мына жігіттің шығармашылығын жіті қадағалайтын жанкүйерлері оған қазақтың «Псайы» деп айдар тағып қойған. Оңтүстік корейлік рэпердің мәнері мен қылықтарына қызығатын бұл өнерпаз, отандық шоу-бизнесте өзіндік бағытын қалыптастыруды қалайды. 

Отандық шоу-бизнеске «ОЧОУ» лақап атымен танылған жігіттің ән айту бағыты мен сахналық стилі бүгінде талай жанды таңырқатып жүр. Тіпті, бұл өнерпазды қазақтың «Псайы» деп атайтындар да бар.

Oсhooou,  әнші:

- «Псайсың, қазақтың Псайы» деді. Жақсы ол PSY деген көшеде жатқан адам емес қой. Ол әлемдік деңгейдегі әнші. Енді оған теңеп жатса, аса бір жадыңа тиіп кетеді деп ойламаймын.

«Oсhooou» қазақ эстрдасына келмей тұрып, «PSY -дың» шығармашылығын жіті зерделепті. Отындық шоу-бизнеске оң өзгеріс әкелуді көздеген жігіт, қазақы колоритке, оңтүстік кореялық рэпердің бағытын тоғыстырған. Ал, тыңдарман екі өнерпаздың ұқсастығын оның «Бомба» аталатын дебюттік клипінен тапқан.

Oсhooou,  әнші:

-Сол жаңағы алғашқы темперамент, бейнебаянда жүгіріп, қылықтар көрсеткеннен кейін шықты деп ойлаймын. Сол жаңағы бомба деген шығарған әнімізді жеткізуге тырыстық. Сол жердегі замашкалары, темпераменттері ұқсайды деп айтты.

Клипте энергиясы тасыған кейіпкерге айналатын жігіт мұны - сахналық образым дейді. Ал, қазақ ән әлеміндегі көпшілікке әзірге таңсықтау өз бағытын былайша ұғындырды.

Oсhooou,  әнші:

-Әлі де іздену үстіндеміз. Әлі де өзімді іздеп жүрген адам секілдімін. Мұның қыр-сыры көп. Яғни, заманауи музыкамен өзіміздің қазақи домбыраны қосып, хаус жасау, яғни синтездеп музыка шығару біздің ойымыз болған. Барлығы айтады, бағытыңды тапқан сияқтысың дейді. Өзіне көңілі толған адам, сол жерде тоқтаған адам деп есептеймін.