Әйгілі «ABBA PLATINUM» тобы  Қазақстанда!

Сообщить о проблеме с эфиром

Алдағы демалыс күндері "Money, money", "Mama Mia" әндерімен көңіліңізді көтере аласыз.Әйгілі «ABBA PLATINUM» тобы  Қазақстанда. Толығырақ тілшіміз тарқатсын.


Бұл хит әндерді ұмыту әсте мүмкін емес. Тамаша топтың танымал туындыларын қайта орындап жүрген «ABBA PLATINUM» ұжымы Қазақстанға келмек..

Өздерін трибьют топ деп атап жүрген өнерпаздар, Аббаның танымал әндерін жанды дауыста, арнайы музыкалық аспаптардың сүйемелдеуімен орындамақ. 

Әлемнің әр түкпірінде өнер көрсетіп жүрген бұл топты жұрт әрдайым ыстық ықыласпен қабылдайды. Әрине, 60-70 жылдардың атмосферасы әркімді де елітіп әкетері анық.

Трибьют шоу 30-қыркүйек күні оңтүстік астанадағы «Алматы Аренада» өткізілмек! Қапы қалмаңыз! Билеттерді арнайы сайттардан сатып ала аласыздар!