«Блэк Дайл» жігіттері өзара үздік аспазды анықтады!

Сообщить о проблеме с эфиром

Бір пәтерде тұратын «Black Dial-дық» жігіттердің үй шаруасында әрқайсысына жүктелген өз жұмыстары бар. Ал, бестіктің арасында ас әзірлеуде кімнің шеберлігі басым? Топты дер кезінде тамақтандырып, асхананың қожайыны атанған қай өнерпаз? 

Әдетте, «рэйванстар» «Black Dial-дық» жігіттердің әнін тыңдап, қолтаңбасын алса, енді кью-поп өкілдерінің өздері әзірлеген тағамнан дәм тататын болды. 

«Black Dial» тобы:

-Асхана дейміз ғой... Бізге жат нәрсе емес! Біз өзіміздің үйімізде бірге тұрғандықтан, барлығымыз тамақ әзірлейміз. Үйді жинастырамыз дегендей. Бізге мұндай нәрселер ерсі көрінбейді.

Бестіктегі барлық жігіт асханаға жиі бас сұғатын болып шықты. Шығармашылықтан қолдары қалт етсе, сүйікті тағамдарын әзірлеп, арқа-жарқа отырып ас ішетіндері тағы бар.

«Black Dial» тобы:

-Картошка дейді ғой... Етпен қосылған картопты пісіргенді жақсы көремін. Мысалы, бізде Тачи лағман. Тэдди бешбармақ. Бешбармақты жақсы жасайды. Кенжи – картошка. Рэй? Жоқ, ештеңе. Ол тек қана тамақ ішеді.

Дегенмен, бұл додада тек үздіктер бәске түсті. Топтағы Тачи, Кэнджи және Рэй «рэйванстарға» тағам тасып, ширақ даяшының қызметіне атқарса, Эл мен Тэдди асханада өзара шын мықтыны анықтады.

«Black Dial» тобы:

-Қазір біздер Тэдди екеуіміздің өзарамызда кішігірім батл болады. Яғни, батл ол рэптен емес, тамақ жасаудан болады. Соны өзіміздің тыңдармандарыңызға табыс етеміз. Кім, қанша сатылымға жібереді, сол жеңіске жетеді.

Сахнадағы серіктестер - асханада қарсылас! Тамақ әзірлеуде сайысқа түскен қос өнерпаздың арасында Тэддидің асығы алшы түсті. Бургерді жылдам әрі дәмді дайындаған ол, бүгіннен бастап «Black Dial -дың» «Ең үздік аспазы» мәртебесін иеленді.