18-ғасыр киімдері сәнге айналмақ! Ал, сіз бұған дайынсыз ба?

Сообщить о проблеме с эфиром

Ашық киінесің деп айыпталған Кәмшат Жолдыбаеваға, фэшн жаңалықтарға көз жүгірткен жөн болар. Себебі, Париж сән апталығында соңғы болып өз топтамасын таныстырған Луи́ Вюитто́н мен Шане́ль жабық киімдерге басымдық танытқан көрінеді...

Шанельдің таныстырылымында Карл Лагерфельдтің өзі сахнаға шығып, келген қонақтармен арнайы амандасуды жөн көріпті. Әрине, себебі шақыртылған меймандар арасында Моника Белуччи, Синди Кроуфорд, Мирослава Думалардың өзі болды.. 

Ал, көрсетілімде жұлдызды сәті туған 16-жасар Кайя Гербер еді. Сән әлеміне жаңа аяқ басқан сұлуға, топтаманың шымылдығын ашу мәртебесі бұйырғанды.

Жаңа үлгілерге қарағанда, дизайнерлер келер жылдың көктемінен жауын-шашын көп күтетін секілді. Сәнбикелер аяққа су өткізбейтін етік, қолға қолғап киіп және иыққа түссіз плащ ілген! Бұл стиль нәзік топтамамен толық  үйлескендей...

Луи́ Вюитто́н - сән үйі барлығын араластырып ортақ микс табуды жөн көріпті. Латекс шалбарлар мен зерлі жібек матадан тігілген пальтолар. 
Сахнамен сызыла өткен сылқымдардың сырт киіміне көз салсаңыз, сіз 
еріксіз 18-ші ғасырдың қойнауына сүңгисіз! 

 Алайда, киім үлгілері сән сыншыларының көңіленен шықты. Топтаманы әзірлегенде, Николя Гескьердің басты мақсаты – ескі заман үлгілерін заманауи гардеробқа енгізу болатын. Дизайнер, бұл көрсетілімде дегеніне жеткен сияқты.