Бөлек баспанада тұратын Әли Оқапов, анасымен арадағы қарым-қатынасы жайлы айтты!

Сообщить о проблеме с эфиром

Әли Оқапов анасынан еншісін алып, басқа пәтерге көшкен сәтте, оқырманмандары әнші мен халық әртісінің арасындағы қарым-қатынасқа күмәнмен қараған көрінеді. Тұңғышына бөлек баспана беріп, жеке шығарған Роза Рымбаеваның құпиясын бұл жолы ұлы ашты.

Бастапқыда бөлек баспанаға көшкенде, көпшілік жұлдызды жанұяның бұл  қадамына түрлі жорамалдар жасаған. Тіпті, жұрт назарында жүретін Оқаповты, анасының қаһарына ұшырады деп топшылағандар да табылған көрінеді. Алайда, Әли ел арасында желдей ескен осы қауесеттің ақиқатын өз айтты.

Әли Оқапов, әнші:

-Ешқашанда осындай сөзді айтқан жоқпын. Анам мен есейдім, біз бір үйге сыйыспайтын шығармыз, тағы бірдеңе-бірдеңе деген дегендей.

Иә, үлкен ұлын ұясын қондырудың қамы шығар. Әлидің жеке пәтерге көшуі анасының шешімімен жүзеге асыпты.

Әли Оқапов,  әнші:

-Басқа пәтерге көшеміз деген шешімді қабылдаған кезде маған анам айтқан, енді 1 пәтерден гөрі 2 пәтер алайық. Сен бөлек тұрасың, қасында біз тұрамыз дегендей. Ол маған ұсыныс жасады, мен қарсы болмадым. Мүмкін сол есейгеннің бір белгісі шығар.

Бүгінде Халық әртісі мен тұңғышы көрші тұрғанымен, қара шаңырақта жиі жүздесіп, шәй ішіп шүйіркелесудің сәті түсе бермейтін көрінеді. Анасы мен баласының ұшақта немесе түсірілім алаңында ғана хал-жағдай сұрасуға мұршасы бар.   

Әли Оқапов, әнші:

-Мысалы мен үйге қайтқанда олар ұйықтап қалады. Олар жұмысқа кеткенде мен әзірше ұйқыдан тұрмаған болуым мүмкін. Біздің кестеміз кішкене сәйкес келмейді. Біз Алматыда емес, басқа қалаларда жиі көрісеміз. Кеше ғана Астанада көрістік мысалға. Содан кейін мен Алматыға қайтсам, анам Атырауға кетті. Жалпы, әртістердің өмірі осы!