Бағасы қымбат және өзі қолжетімсіз! Қазақстандық жұлдыздар жанармай тапшылығына қатысты  үн қосты!

Сообщить о проблеме с эфиром

Мұнайға бай елдің де мұңы болады екен-ау! Қара алтынға кенде емес Қазақстан, қазір жанармай тапшылығын сезінуде. Бағасы да күн санап өршіп барады. Темір тұлпарына азық таппай қысылған отандық жұлдыздар да бұл дағдарысқа өз пікірлерін білдірді.     

Жанармай бекеттерінде ұзын-сонар кезекке тұрған қазақстандық жүргізушілердің көңіл-күйін «Хаха шоу» вайнерлері дәл тапқан. Бензин тапшылығын Ерке Ескемаханның «Қайда» атты атышулы әнінің желісімен  жеткізген жігіттердің бұл бейнеролигі енді Қазнеттің хиті.   

Құны 8-10% арасында күрт қымбаттап, қолжетімсіз бола бастаған жанармай ахуалының түзелеріне әзілкеш Серғазы Тоқтарбек те үмітпен қарайды. 

Қара алтынды өндіруде әлемде үздіктер көшіндегі Қазақстанда, жанармай жетіспеушілігі болады дегенді Терри Тима да дұрыс түсіне алмай жүр. 

Мұнайлы елдің бұл мұңын әзілмен астарлап жеткізуде, темір тұлпарын 2 млн-ға сатамын деген мына қарапайым жүргізушінің жазбасы да ұтқыр шыққандай.  
-Ешқандай саудаласу жоқ! Себебі, бак толған жанармай. Саудаласамын десеңіз қайтіп құйып алам! 

Әлеуметтік желіде «жанармай драмасы» түрлі мемдар, сарказмға толы бейнеролик мен жазбаларға айналуда. Сауатты қоғамның бұл реакциясы осы мәселе шешілгенше жалғаса бермек.