Голливудта жаңа жұп! Том Круз төртінші мәрте әйелдікке кімді алмақ?

Сообщить о проблеме с эфиром

55 жастағы Том Круз төртінші мәрте отағасы атануға қарсы емес секілді. Жұлдызды актер шаңырақ құрмақ деген қаңқу сөз, Голливудта жиі естіліп жүр. Оның сүйгені өзінен 25 жас кіші сұлу деген рас па?

Том Круз төртінші мәрте үйленсе өз рекордын жаңартпақ. Бұл жолы оның құрығына түскен сұлу 29 жасар Ванесса Кирби деседі. Көпшілік екеуі «Миссия невыполнима 6» картинасында бірге ойнап жүріп көңіл жарастырды деп санайды. Ал, актердің өкілдері бұл болжамды жоққа шығарған.  

48 жастағы Джей Ло өзінің жаңа ғашығы Алекс Родригеспен бірге алғаш рет сұхбат берді. Бір жылға жуық жұп жарастырған екеуі алғаш рет 12 жыл бұрын танысқан екен. Бүгінде бір-біріне жылы лебіздерін жиі айтатын олар, қол ұстасып серуендеуді де ұмытпайды.  

Ал, кеше ғана айрандай ұйыған жас жұлдызды жұптар, көп уақыт өтпей қайта айырылысуда. Рэпер The Weeknd пен әнші Селена Гомезтің он айлық одағы осылайша ыдырады. Екі жас бір-бірін түсінісе алмаған. Селена қыз Джастин Биберді қайта жағаласа, The Weeknd беймәлім бір сұлуға көз салып үлгерген.