Мінсіз мүсінді Мэрая! Әншінің жиырма келі салмақ тастағаны рас па?

Сообщить о проблеме с эфиром

Мэрая Кэри мінсіз мүсінімен көпшіліктің таңданысын тудырды. Жиырма келі салмақ тастаған әншіге, қытай театры алдында естелікке өзінің қолының ізін қалдыру мәртебесі бұйырған.

Мэрайя Кэри, әнші:

-Бұрын-соңды мұнда болып көрмеппін. Әрине, бүгінгі елеулі оқиға мен үшін үлкен қуаныш.

Сылқымның арықтауын, бірі стресстің әсері десе, енді бірі мамандардың көмегіне арнайы жүгінген деп болжамдады. Дене бітімін қалыпқа келтірген әнші болса, бұл күндері шығармашылығына да мықтап кіріскен.

Мэрайя Кэри, әнші:

-Жаңа жыл қарсаңында анимациялық мультфильм жарық көреді. Мен онда өзімнің әйгілі «Аll i want for christmas is you» әнімді орындаймын.