Сәбиімнің жүзін жасырмаймын! Натали Портманды қырағы папарацци ұстап алды!

Сообщить о проблеме с эфиром

Өзге әріптестері Лондондағы премьерада бой көрсетсе, Натали Портман қызы Амалиямен Лос-Анджелесте қыдырып жүр. Ең алғаш сәбиімен көпшілік алдына шыққан актрисаны, қырағы папарацци бірден байқап қалған.

Натали Портман би өнерінің хас шебері Бенжамен Мильпьемен отау құрғалы, жеке өмірін жасыруға ұмтылатын. Алайда, актриса ізін аңдыған БАҚ өкілдерінен шаршаса керек, күні кеше жасқанбай көпшілік алдына сәбиімен бірге бой көрсетті. Сегіз айлық Амалияға, паппарацци өкілдерінің шамадан тыс ілтипаты, майдай жаққандай.

Ескірмеген махббат! Үш жыл бұрын дәм-тұзы жараспай, іргелерін алыстатқан Джастин Бибер мен Селена Гомес қайта көңіл қосқан көрінеді. Экс-сүйіктісін  қайтарудан дәмелі жүрген 23-жасар сері ойын жүзеге асырды. Селенаның рэпер The Weeknd пен арасы суығаны сол еді, Бибер орайлы сәттен өзіне оң шешім шығарды. Бүгінде бұл жұп, уақыттарының басым бөлігін бірге өткізіп жүр.

Менің де айтарым бар! АҚШ президентінің қызы Иванка Трамп сексуалды зорлық-зомбылық төңірегінде өз ойын білдірді. Күншығыс еліне жұмыс бабымен келген ол, конференция асында да бұл атышулы тақырыпты айналып өте алмады. Сылқым, өз сөзінде зорлық құрбандарына барынша қол ұшын созуға даяр екенін жекізген.