Арман мен Аша жағымсыз пікірлерден құтылудың құпиясымен бөлісті!

Сообщить о проблеме с эфиром

Әлеуметтік желі пайда болғалы жұлдыздар мен юзерлер  арасындағы ашық айқасқа жиі куә болып жүрміз. Жерден алып, жерге салуға әуес оқырмандар психологиясын Арман мен Аша зерттеп көріпті. Олар бұл құпиясымен «Ревю» арқылы бөліспек...  

Арман мен Аша көпшілікті көрсе бой тасалап, жеке өмірін сыр қылып сақтайтындардың қатарынан емес. Өйткені, жанұясын жасырғандар сынның садағына жиі ілігеді деп отыр. 

Арман мен  Аша:

-Адамдардың өзі қызығушылық танытса, неге оны біз тығып қоюымыз керек? Бірақ, біздің жеке өмірімізді өздеріңіз көріп келе жатырсыздар ғой. Біз қандаймыз, халқымызға солай болып көрінеміз. Өнерімізде, өзімізде, болмысымызда, махаббатымызда деген сияқты...

Иә, бұл пікірмен Болманов та келіседі. Жанұясындағы жағымды жаңалықтарын, жұрттан жасырмайтын жұлдызды жұптың халқына деген алғысы шексіз. Қыдырәлі мен Қарақат елдің ерекше ықыласына, кенже қыздарын перзентханадан шығарар сәтте бөленгенін айтады. 

Қыдырәлі Болманов, әнші, продюсер:

-Ойымызда түк жоқ. Шақырған 15-20 шақты ғана достарымыз бар. Өзіміздің отбасымызбен бірге оқыған, жақын-жақын... Басқа ешкімге айтқан емес болатынбыз. Бірақ, біз лифттан шыққан кезде төмен түсіп, залда, сырты да тола кәдімгі концертке жиналған адамдай болды. Елдің бірге қуанғанын көрдім, бірге тілектес болғанын көрдім. Қарақат тіптен жылап жіберді мысалға.

Жастайынан ән додаларында топ жарған Мәдина да, ес білгелі ел алдында жүр. Сондықтан болар, Сәдуақасоваға сын айтатындар некен-саяқ!

Мәдина Сәдуақасова, әнші:

-Бірақ қатты әсер етпейді. Ммм... дейсің де, оқисың да, жарайды енді бұл кісіге ұнамай қалған шығар деп, ойлайсың да қоя саласың. Негізі көп жазбайды негатив.