«Брат или брак». Құралай Анарбекованың картинасы өз шығынын ақтай алды ма?

Сообщить о проблеме с эфиром

Жеке шығармашылыққа шабыттана кіріскен  «Алашұлы» жігіттеріндей, кино әлеміне жаңадан продюсер ретінде қадам басқан Құралай Анарбекованың үміті ақталғандай. Сылқымның «Брат или Брак» картинасы, кассалық жиыны бойынша табыстылар тізімінде. Одан өзге, алдағы уик-эндте қандай фильмге барған жөн? Тілішіміз толықтырады.

Көрілімі мен табысы жағынан көшті «Тор: Рагнарек» картинасы бастап тұр. Отандық киносүйер қауым, әрдайым үнсіз қалатын Халктың сөйлегенін ұзақ күтсе керек. Кинокартина небәрі бір аптаның ішінде 259 миллион теңге жинап үлгерген.

Екінші орынға жайғасқан отандық «Брат или брак» фильмі, бұл аптада 61 миллион теңге қанжығалаған. Танымал тұлғалдарды картинаға тарту арқылы режиссерлер қауымы, көздегеніне жеткендей.

Ресейлік «Последний богатырь» туындысы табыстылар тізімін әзірше босатуға асықпайды. Тұсауы үш апта бұрын кесілсе де, картина соңғы жұмада 30 миллион теңгені жинаған.