«Егіз балаларымыз өмірге келеді!» Кейт Хадсон тұңғыш рет Брэд Питтпен араларындағы махаббат жайлы сөз қозғады!

Сообщить о проблеме с эфиром

Кейт Хадсонның пікірінше «Оскар» жылдың ең сорақы өсегі үшін де табысталуы тиіс! Сонда, оның Брэд Питтпен жақындастығы туралы қауесет, мүсіншені еншілер еді! Актриса араға жыл салып, актермен болған махаббаты жайлы бар шындықты ашып айтты.

Кейт Хадсон, актриса:

-Мен жайлы айтылған өсектердің ең санаға сыйымсызы осы болар! Бұл – өтірік. Өзім алғаш естігенде таңқалдым! Брэд екеуміз егіз сәби тосып жүр деп жазуларың ғана қалды деп, бір күліп алдым.

Актриса Брэд Питті көрмегелі төрт жылдың жүзі болғанын айтады. Біздің ортамызда  сезім оты тұтануы мүмкін емес деп сендірді. Естеріңізге сала кетсек, Анджелина Джолимен ажырасқан соң, актер Хадсон ханшайымның құшағынан жылу тауыпты деген ақпарат тараған болатын.

Ирина Шейк пен Брэдли Купер жайлы да жалған хабар жиі тарайды. Дегенмен, бұл жолғысы құлаққа сыйымды! Таяуда ғана, ханшайымды болған ғашықтар тағы да перзент сүюге ниетті. Ана болу сәнбикеге майдай жаққандай. Сондықтан, араларын ұзатпай келер жылы екінші сәбиді өмір әкелсем деп отыр.

«Ең сымбатты қылмыскер» атанған Джереми Миксті көпшіліктің «атарға оғы» жоқ. Себебі, модель өрескел қателік жіберген. Үш перзент сыйлаған Мелиссаны тастап, миллионердің қызы Хлое Гриннің соңынан кеткені аздай, экс-жұбайының түсік тастауына да себепкер болған екен. Сорақысы сол, бұл ақпарат жайлы сұраған журналистерге Джереми айқайлап күліп жауап қатқан. Дәл осы жайттан соң «жұлдызды қылмыскердің» тарапына айыптаулар жауды.