Баян болса алқаш әйелдің образын сомдай алмай әлек!

Сообщить о проблеме с эфиром

Баян Мақсатқызының актерлік шеберлігіне, бұған дейін ешкімнің де күмәні жоқтын. Бірақ, режиссер Ернар Нұрғалиев образды аша алмадың деп сөккен. Яки, продюсер араққа сылқия тойып алған бикешті ойнай алмай әлекке түсіпті.

Өрт сөндірушілер, ақ халаттылар, тәртіп сақшылары мен әскери қызметкерлер! Продюсер Баян Мақсатқызы бастамасымен таспаланып жатқан мюзиклге, дәл осындай кейіпкерлер қажет болған.

«Сиситай» - отандық киноқоржын үшін, тың жанрда түсіріліп жатқан тұңғыш фильм. Баян Мақсатқызы, бұл жолы қара суықта, іш көйлекшең билеуге мәжбүр.

Баян Мақсатқызы, продюсер, актриса:

– Табиғатынан жібектей сусылдап тұрған шаштарымды, адам көргісіз етіп тастады. Айнаға келіп, түрімді көргенде «өнер – құрбандықты талап» етеді деп өзімді жұбатамын.

Продюсер «араққұмар әйелдің» образын көрсете алмай, тығырыққа тіреліпті.  Тіпті, картина режиссері – Ернар Нұрғалиевтен сөгіс естіген.  

Баян Мақсатқызы, продюсер, актриса:

– Араққа сылқия тойып жүреді Алисам! Бірақ, шынайы өмірде менің ағзам ішімдікті мүлде қабылдамайтын болғандықтан, мас әйелді сомдау қиын соқты. Режиссер менің бұл ойынымды мүлдем жаратпай тастайтын. Дегенмен, ақырында алқаш әйелді ойнап шықтым.

Қызығы сол, қиындықпен сомдалған кейіпкеріне, Мақсатқызының іші жылып қалған. Тіпті, болашақ сәбиінің есімін Алиса атамаққа бекініп отыр.

Баян Мақсатқызы, продюсер, актриса:

– Егер, мен тағы бір қызды өмірге әкелсем, есімін міндетті түрде Алиса деп қоямын. Себебі, бұл ныспы – маған бұрыннан ұнайды. Сондықтан да, кейіпкерімді өзім осылай атадым.

Фильмде Баяннан бөлек Камшат Жолдыбаев, Тұрсын Алагөзов, «Алаулық» жігіттер және бірқатар шоу бизнес өкілдері бой көрсетпек. Бұған қоса, продюсер тағы бір жас таланттың жұлдызын жағамын деп сендірді.