Джастин Тимберлейкке тұрмыстағы әйел көз қырын салып жүр.

Сообщить о проблеме с эфиром

Джастин Тимберлейкке тұрмыстағы әйел көз қырын салып жүр. Тіпті сылқым, оның жүрегін жаулау үшін бар күшін жұмсауда. Бұған сері қандай жауап қайтармақ? Мүмкін екеуінің арасына кедергі болған тағы біреу бар шығар... 

Аты әлемге танымал, дарынды  режиссер - Вуди Аллен сексеннің сеңгіріне шықса да, шығармашылықты тастамақ емес. Киногер Нью-Йоркте өзінің кезекті «Колесо чудес» туындысының тұсауын кесті.

Вуди Аллен, режиссер:

-Мен белгілі актерлерден жұлдыз жасаймын. Кейін олар туралы мүлде ұмытамын. Уақыт өте картиналарыма қайта шықырамын. Бұл менің тың тәсілім.

Режиссер бұл жолы Кейт Уинслет, Джастин Тимберлейк, Джеймс Белуши мен Джуно Темплдан құралған талантты төрттікті таңдаған. 

Сюжет желісі бойынша, теңіз жағалауында құтқарушы болып қымет істейтін Джастин Тимберлейкке тұрмыстағы Джинни есімді бикеш көз тігеді. Фильмде ғашықтарды сомдаған қос кейіпкерді, шынайы өмірде де қосушылар көп. Ал, серіге Кейтпен бір түсірілім алаңында жұмыс жасау ұнап қалған сыңайлы.

Джастин Тимберлейк, әнші, актер:

-Әріптестеріммен бір отбасыға айналып кеткендейміз. Олардың қай-қайсысымен болмасын, кез-келген картинаға қайтадан түсер едім.

Джастиннің жүрек жарды бұл лебізіне, «Оскар» сыйлығының иегері Кейт Уинсслеттің өз қосары бар.

Кейт Уинслет, актриса:

-Джастин – керемет жігіт. Ол танымалдығына қарамастан өте қарапайым. Оның дәл осы рөлді сомдауы - біздің жолымыз болғаны деп санаймын.

Ал, киносүйер қауым аталмыш картинаны желтоқасан айынан бастап үлкен экрандардан тамашалай алады!