Жыл трегі! Лас-Вегаста Латын музыкасының үздіктері анықталды.

Сообщить о проблеме с эфиром

Лас-Вегаста латын музыкасының ең мықтылары марапатталды.  Кеште, танымал «Деспасито» трегінің орындауышысы - Луис Фонсиге, сахнаға қайта-қайта шығуына тура келген. Себебі өнерпаз, қатарынан бірнеше жүлдені еншіледі.

Әсем әні шартарапқа таралған Луис Фонси «Latin Grammy Awards» марапатының пайымымен, латын музыкасынның үздігі деп танылды.  Оның әлемді шулатқан «Деспаситто» трегі - «Үздік ән», «Жылдың тың туындысы», «Үздік бейнеклип», « Жыл перфомансы» аталымы бойынша төрт бірдей жүлдені еншіледі.

Жеңімпаз атанған өнерпаз, өзінің бар күйін бір-екі ауыз сөзге сыйғызды..

Луис Фонси, музыкант:

-Жеңісім Порте -Рикоға арналады! Жасасын Пуэрто-Рико!

48 аталымның ішінен әйгілі әнші Шакирға да марапат бұйырған. Сылқымның «Ель Дорадо» атты әнжинағы «Жылдың ең үздік поп альбомы» атанды.

Әйгілі «Билборт» чартының тізіміне есімі алғаш рет іліккен Лин Мануэль Миранда болса, атаулы кеште латын музыкасына сіңірген «ерен еңбегі үшін» арнайы сыйлықты иеленді.

Лин Мануэль Миранда, сазгер:

-Бұл жүлде тек муызканттарға ғана емес, барша Пуэрто-Рико тұрғындарына тиесілі. Бүкіл әлем сол өңірдің тұрғындарына назар аударады деген үміттемін.

«Latin Grammy Awards» марапаты «Үздік инженерлік альбом»,  «Үздік христиан альбомы», «Үздік тропикалық ән» секілді тың аталымдарымен де таңырқатты. Бұл латын музыкалық жәрмеңкесінің салтанатты нүктесін Джей Бальвин қойды.