Бруно Марс жыл фавориті! Өнерпазға жеті жүлде сыйлаған «American Music Awards» әділ түрде өтті ме?

Сообщить о проблеме с эфиром

Музыка саласының ең әйгілі марапаты - «American Music Awords” өз жеңімпаздарын анықтады. Бруно Марс пен Кейт Урбан бастаған серілер, өзгелерге жүлдеден түк қалдырған жоқ. Есесіне, атаулы кеште Пинк, Деми Ловато сынды сұлулар өздеріне де, қонақтарға да көтеріңкі көңіл-күй сыйлай білді.

Әдеттегі дәстүрінен жаңылмай, салтанатты шара қызыл кілемнен басталды. Әлемдік жұлдыздармен бірге кештің қадірлі қонағы болған, отандасымыз Димаш Құдайбергенов те жүріп өтті.

45-ші мәрте табысталған музыкалық марапат, өз жеңімпаздарын халықтың дауыс беруі арқылы анықтайды. Бұл жолы, көптің қалауымен Бруно Марс жеті бірдей аталым бойынша үздік шығып, өзге үміткерлерді шаң қаптырды.

Өкіншке қарай, әншінің өзі марапатты табыстау рәсіміне қатыса алмады.

Бруно Марс,  әнші:

-Рахмет «American Music Awards»! Рахмет жанкүйерлерім! Қолдау көрсеткен барлығыңды жақсы көремін!

«Үздік кантри әншісі» атанған Кейт Урбан, өз сөзінде жеңісіне себепкер болған сүйіктісіне алғысын жаудырды.

Кейт Урбан, әнші:

-Сүйіктім, жеңісім саған және үйде теледидар алдында отырған қыздарыма арналады! Мен сені жақсы көремін!

Соңғы кездері көзден таса болған Леди Гага «үздік поп әншісі», ал Бейонсе «үздік R&B орындаушысы» атанды. Таңдаулы деп танылған рэпер Дрейк те, атаулы кеш жүлдесінен құр алақан емес. 

Кештің көрігін, кореялық  BTS тобы қыздырды. K-pop орындаушылар  үміткерлер қатарынан табылмаса да, мәртебелі музыка мерекесінде өнерлерін паш етуді жөн санапты.