Отандық киноөндірістің кіл мықты актерлары топтастырылған криминалды комедия!

Сообщить о проблеме с эфиром

 Берік Айтжанов, Азиз Бейшеналиев, Шыңғыс Капин, Асан Мәжит, Ерден Телемисов! Отандық киноөндірістің кіл мықты актерлары топтастырылған криминалды комедия, таяуда үлкен экранға жол тартады. Бүгін, туындының тұңғыш трейлері таныстырылды.

«Неделимое» фильмі көрерменді «Тоғысқан тағдырлар» телехикасы арқылы етене таныс – Алексей Шемеспен де қауыштырады. Актер жаздың күні Ресейден арнайы келіп түсірілім жұмыстарына қатысқанды.

Қу ақшаға құныққан полицейлер мен  қылмыскерлер арасындағы айқас, бір ғана локацияда, яки жол жиегіндегі дәмханада өрбиді. Фильм авторлары бұл Тарантино стиліндегі картина боларын айтқанды.

Берік Айтжанов, актер:

– Бұл рөл, менің кейіпкерім ойнап жатқан мүлдем ұқсамайды басқа кейіпкерлеріме. Менің ойымша басқа психотип, басқа образ шығаратын секілдімін.