Нью-йоркте өнерпаз басты рөлді сомдаған «Роман Джей Исраэль, эсквайр» картинасының тұсауы кесілді.

Сообщить о проблеме с эфиром

«Оскар» сыйлығының екі дүркін иегері Дензел Вашингтон, енді адвокат ретінде халықтың қамын күйттеуде. Нью-йоркте өнерпаз басты рөлді сомдаған «Роман Джей Исраэль, эсквайр» картинасының тұсауы кесілді. Кезекті туынды не жайында болмақ?

Жаңа картинада Дензел Вашингтон өзгенің құқығын қорғап жүрген адал адвокат кейпінде. Әділ заң қызметкері, арам пиғылдылармен күрес жолында талай қиындықтарға тап болады..

«Роман Джей Исраэль, эсквайр» картинасының сюжеті Дензел Вашингтонға арналып жазылған көрінеді. Фильм режиссерінің сөзінше, бұл салмақты рөлді сомдау өзге ешкімнің қолынан келмейді.

 Дэн Гилрой, режиссер:

Роман – қағидасынан қайтпайтын жан. Ал, Дензел өзінің арманына сенe білетін, қиялындағысына жету үшін барын салатын адам. Кино мен шынайы өмірдегі қос кейіпкер керемет үйлесім тапқан сияқты.

Дензелден өзге, картинада Колин Фаррел, Кармен Эджого, Аманда Уоррен сынды дарынды актерлер де бар.  Тұсаукесерге қатысқан Кармен Эджого болса, камера алдында толғанысын жасыра алмады. 

Кармен Эджого, актриса:

-Өте қатты қобалжып тұрмын. Себебі, Дензелмен бір түсірлім алаңында өнер көрстеуді, бұрыннан армандайтынмын.  Мағыналы, айтары бар фильм дүниеге әкеле алдық деп ойлаймын.

Криминалды драма қарашаның 23-нен бастап әлемнің үлкен экрандарына жол тартпақ..