«Despacito» - Jay-Z, Бруно Марстардың әндерімен «Грэмми» үшін таласқа түседі! Үміткерлер тізімінде тағы кім бар?

Сообщить о проблеме с эфиром

«Грэмми – 2017» салтанатында егіздеріне аяғы ауыр болғанына қарамастан, Бейонсе нағыз шоу жасағанды. Келер жылғы кеште тіпті бой көрсетпеуі де мүмкін. Себебі, әнші бірде-бір номинацияда үміткерлер тізіміне ілікпеген. Есесіне, күйеуі Jay-Z мүсіншіден дәмелі әртістердің көшін бастады.

2018 жылдың 28-ші қаңтарында «Грэмми» 60-шы рет шымылдығын түреді. Ең беделді жүлде тапсыру салтанатының, мерейтойлы мерекесінен көптің ерекше шоу күтетіні анық. Әсіресе, 81 номинацияны сарапқа салып, оқ бойы озық шығатын үздіктер есімін тезірек білуге құмартатындар көп-ақ.

Биыл, Jay-Z-дің жұлдызы жарқырауына мүмкіндік мол. Рэпер 8 бірдей мүсіншеден үмітті. Бейонсеге деген сезімінен сыр шертер «4:44» үнтаспасындағы әндері сынға түседі.

Бұған қоса, Кендрик Ламара 7, ал Бруна Марстың есімі 6 номинацияда аталады.

Леди Гага, Рианна, Тейлор Свифт, Кеша, Эд Ширандармен бірге Дмитрий Хворостовский де жүлдеге ұсынылды. Естеріңізге салсақ, опера жұлдызы бір апта бұрын өмірден озғанды. «Грэмми» -ден оның соңғы әнжинағы үмітті.

Жаздың ең үздік хиты «Despacito» -да  топ жаратындар тізімінде. Осылайша, марапат тарихында тұңғыш рет, шет тілдегі ән үміткерлер тізіміне еніп отыр.