Жол апатынан кейін халықпен қайта қауышқан Ернар Айдар, сахнада көз жасын тоқтата алмады!

Сообщить о проблеме с эфиром

Жол апатынан кейін тыңдарманымен алғаш рет қауышқан Ернар Айдар, күні кеше ел алдында есеп беру кешін өткізді.
Иә, бұл әнші үшін сағынышқа толы сәт болған секілді. Өткен күні есіне түсті ме, көз жасын тоқтата алмаған сері жігіт көрермендерін де кемсеңдетті дейді...

 
Атышулы жол көлік оқиғасынан кейін, Ернар Айдар арбаға таңылуға шақ қалған-ды! Омыртқасынан зақым алған әнші, аурухана төсегінде талай таңды көз ілмей атырғанын айтады. Араға уақыт салып, халықпен қайта қауышқан өнер иесі көз жасына ерік беріп, концертінде аздаған үнсіздік орнады.


Ернар Айдар, әнші:
Мен аман-есенмін! Әуелі Алла, сосын сіздердің арқаларыңызда. Бірігіп бір-бірімізге деген сағынышымызды басайық деген, ән кеш қой былайша айтқанда...

Бұл кеште Ернармен қосыла ән шырқаған Керменбаев, әріптесінің жағдайын жақсы түсінеді. Өйткені, Қара баланың да кезінде дәл осындай қаралы күндерді бастан кешкені бар.


Нұржан Керменбаев,  әнші:
-Бір жетідей жатып шықтым. Сол кездегі бір жетінің өзі, маған кәдімгідей ауыр бір сынақ болып көрінді де. Өйткені, больницадан шығуды аңсап тұрасың. Таза ауаны аңсайсың.

Ән кешінің сценарийінен позитивті сәттерге де орын табылды. Ернарды 5 жылдығымен құттықтай келген әріптестері, сері жігітке сахнада сый жасады.

 
Айқын Төлепберген, әнші:
-Бес жыл деген ол енді... Бүгінгі концерт Ернардың 5 жылдығы. Көп емес, бірақ аз да емес, 5 жыл деген бір үлкен... Бес жылда кез-келген әнші жүре алмайды сахнада...

«Күнім сен сөнбеші!» Ернардың мерейтойлық концерті дәл осылай аталады. Әнші жігіт қуанышымен бөлісуге клипіндегі кейіпкерлерді де шақырған. Заманауи махаббат символы атанған Мәрлен мен Әнел, бұл кеште вальс биледі.