Жұлдыздар сыр бөлісті! Олар ұстанатын жаңа жылдық дәстүрлер қандай?

Сообщить о проблеме с эфиром

Актер Шакентидің әкесі жаңа жылды қарсы алған түні, ерекше мәрттік танытатын көрінеді. Сөйтіп, перзенттерінің бәрінің қалтасына қаражат салып қояды екен. Қыдырәлі Болмановтың да балаларына мотивация сыйлайтын өзіндік құпия дәстүрі бар. Мұның астарында не жатыр? Өздері айтсын!

Қанша қаржы ұсынылмасын Қыдырәлі мен Қарақат Жаңа жыл түні сахнаға шығудан түбегейлі бас тартады. Әр шаңырақта жайылған ақ дастархан басында отағасы да, отанасы да табуылуы керек деп біледі олар.

Қыдырәлі мен Қарақат, жұлдызды жұп:

- Бірге өткіземіз. Баланың қасында болған сайын, баланың өресі де өседі, намысы да, қуаты да өмірге келеді. Құлшынысы да,қазіргі тілде мотивация деп жатамыз ғой.

Шәріп Серік те жанұя құндылықтарын көш ілгеріге қоятын жан. Асқар тауы соған баулыған.

Шәріп Серік, актер:

-31 желтоқсан күні барып, барлығымыз суға түсеміз, әдемі киімдерімізді киеміз. Сөйтіп әкеміз барлығымыздың қалтамызға ақша салады. Енді осы жаңа жылда қалтамызда ақша болсын дегендей...

Шырша әрлеу – Қарлығаш Мұхамеджанова үшін үлкен рәсім!

Қарлығаш Мұхамеджанова, актриса:

– Отбасымыздың барлық мүшелері түгел жиналған сәтте ғана шырша құрамыз! Кейде, басымыз бірікпей соңғы сәтке дейін, бұл істі созуымыз мүмкін.