Настасья Самбурскаяның ғашығы бұлдыраған сағымдай жоқ болды! Актриса күйеуімен ажырасып кеткен бе?

Сообщить о проблеме с эфиром

Настасья Самбурская таяуда ғана тұрмысқа шығып, бақытқа бөленгенді. Бірақ, бұл қуанышы ұзаққа созылмағандай... «Актриса сүйіктісімен ажырасып тынды», -  деген болжам жасады көпшілік.

Кирилл Дицевичпен некесін қидыру салтанатына, қалыңдық көйлегінің орнына қап-қара киіммен келіп, сылқым жұртты таңырқатқанды. Араға ай салып, тағы түрен салды. Актриса инстаграм парақшасынан сүйіктісінің барлық суреттерін өшіріп тастаған. Бұл әрекетіне қарап, көпшілік оларды ақыры айырылысып тынды деп сәуегейлік танытуда.

Ат құйрығын үзісіп, кейін махаббат отын қайта тұтатқан Джастин Бибер мен Селена Гоместің де күндері ала-құла! Олардың қарым-қатынастарында қиындық қайта басталған. Себебі, Селена сылқым қызғаныштың «қызыл итінің» ырқына жиі жығылады екен. Сондықтан олар, ғашықтарға арналған діни терапияға барып, мәселелерін шешуге мәжбүр.

Ольга Бузова болса бармағын тістеп, басын тауға да, тасқа да соғып әлек. Себебі, экс-күйеуі өзгемен шаңырақ көтеруге ниетті. Дмитрий Тарасов Мальдив аралдарындағы демалысы кезінде, қазіргі сүйіктісі Анастасия Костенконың қолына жүзік тағып, үйленуге ұсыныс жасаған. Сылқым да аяқ доп шеберінің көңілін жықпаған.