Аян Бірбаев әке атанды!

Сообщить о проблеме с эфиром

«Ринголық» сері Аян Бірбаевтың отбасынан таң қылаң бере сүйінші хабар жетті. Әнші екінші рет әке атанды! Жары – Айнұр оған ханшайым сыйлаған. Тұңғышы – Әдиден соң араға үш жарым жыл уақыт салып, өмір есігін ашқан шақалақтың салмағы 4-келіге жуықтайды, бойы – 55 см болған. Енді, бақытты жанұя кішкентай аруға лайықты есім таба алмай дал.

 

Аян Бірбаев, «Ринго» тобының әншісі:

– Есімін әке-шешеміз өзімізге рұқсат берді қоюға. Екі нұсқа бар Диана немесе Сая деген. Қиын  екен біраз... Әдиден сұрасақ кішкентай қарындасыңның аты кім болады деп, бұл жармасып алып кәдімгідей Диана деп жүр. Жоқ, маған Сая ұнамайды, «ляляға» да Сая ұнамайды дейді.

  Аян жақын уақытта нақты шешім қабылдайтынын айтады. Ал, біз өз кезегімізде жұбайларды құттықтап, сәбилерінің бауы берік болсын деп тілейміз.