Киноактерлер Гилдиясының үздіктері анықталды. Николь Кидман өз құрбысынан жүлдені тартып алғаны рас па?

Сообщить о проблеме с эфиром

«Жұлдыздар» жарқырап, жүлделер жауған түн! Лос-Анджелесте АҚШ киноактерлер Гилдиясы, өз жеңімпаздарын марапаттады. Арнайы сыйлыққа таласқан өнерпаздар, атаулы кеште жеңіс үшін достықты да ұмытқан көрінеді. Толығырақ, тілшіміз тарқатсын...

Құрамына 165 мыңға жуық актер кіретін, АҚШ киноактерлар Гильдиясы марапатының ашылу салтанаты қарабайыр өтпесі айдан анық. Қызыл кілем үстімен шерулеткен айтулылар, фотокамералар насанасына ілігуге де құштар.

Бұл жылы киномарапат қазылары «Три билборда на границе Эббинга, Миссури» туындысының ұжымын «ең үздік актерлық құрам» марапатына лайық деп тапса, картинада басты рөлді сомдаған Фрэнсис Макдорманд «ең үздік актриса» атанды.

Шеберлігімен тәнті еткендер арасында Гэри Олдман да бар. Өнерпаз, Уинстон Черчилл образын шынайы жеткізгені үшін, «басты рөлдегі ең үздік актер» жүлдесін еншіледі.

Гэри Олдман, актер:

-Черчиллге қарап,  өмір сүру - өзгелерге қызмет ету екенін түсінесің. Сіздер бұл марапатпен маған үлкен қуаныш сыйладыңыздар, қолымдағы жүлде мен үшін үлкен мақтаныш.

Атаулы кеште «Большая маленькая ложь» телетуындысының да айы оңынан туды. Александр Скарсгорд пен Николь Кидман «телехикаяның үздік актерлері» ретінде танылды. Бұл жүлдеге Никольдің құбысы, Риз Уизерспун де үмітті еді..

Николь Кидман,  актриса:

-Біздің мансап жолымыз 40-тан ассаң та жалғаса беретіні қандай керемет! 20 жыл бұрын тәжірбиеміз аз еді, енді ол деңгейден өстік.

Кино саласына сіңірген 54 жылдық ерең еңбегі үшін, арнайы жүлдеге ие болған Морган Фримен, мансабымды аяқтау әлі ерте деп әзілдеді.

Морган Фримен, актер:

-Бұл атақ, мені киносахнадан кетіртудің амалы емес деп үміттенемін.