Минни Мауске Голливудтың «Даңқ аллеясында» арнайы жұлдыз орнатылды!

Сообщить о проблеме с эфиром

Дисней студиясының әйгілі кейіпкері Минни Маус, уақыт сырғыса да танымалдығынан айырылмақ емес. Оған енді  Голливудтың «Даңқ аллеясында» арнайы жұлдыз орнатылған. Көрерменнің сүйіктісі бұл марапатты тоқсанның төріне таяғанда алды.

Еске салсақ, Миннидің жұбы Микки Маус - осыдан 40 жыл бұрын аллеяда есіміне жұлдыз бұйырған, алғашқы мултипликациялық кейіпкер. Дисней жанкүйерлерінің бұл елеулі шарасына, әнші Кэти Перидің өзі қатысып, жылы лебізін білдіріп қайтты.

Кэти Пери, әнші:

-Миннидің киім стилінің өзі көңілге шаттық ұялатады. Ол көпшілікке қуаныш сыйлап жүрген мейірімді кейіпкер.