Жетістіктер уақыты! Лионель Месси жаңа рекордын тіркеді!

Сообщить о проблеме с эфиром

"Барселона" мен Аргентина құрамасының шабуылшысы Лионель Месси тағы бір рекорд орнатты. Бұл оқиға Ла Лигадағы "Алавес" клубына қарсы өткен кездесуде тіркелді. Аталған матчта Месси биылғы маусымдағы 20-шы голын соқты.

Осылайша, аргентиналық шабуылшы Испания біріншілігінде қатарынан бес маусымда 20 доп соққан тұңғыш футболшы атанды.

Бұған дейін Месси бір командада гол соғу көрсеткіші бойынша, «Баварияда» ойнаған Герд Мюллердің рекордтын жаңартқан еді. Лео "Барселона" сапындағы 377-ші голын жазды! Сонымен қатар, ол жылына 100 миллион еуродан көп табыс табатын футбол тарихындағы алғашқы аяқдопшы атанды.