Селена Гомес неліктен емханаларды жиі жағалап жүр? Әншінің денсаулығы сыр бере бастаған ба?

Сообщить о проблеме с эфиром

 «Өмірімді жаңа парақшадан бастаймын». Бұл Нью – Йорктегі сауықтыру орталығында үш ай емделген Селена Гоместың ресми мәлімдемесі. Әншіні қалың депрессияға түсірген не жағдай?

Жеке өміріндегі жайсыздық, оңбай сынға ілігу, жан дүниесінің тоқырауы, 25 жастағы Селена Гомезке етене таныс. Бала кезден ел алдында жүрген әнші, соңғы жылдары депрессияға түскен. Бұған басты себеп, тыңдармандары тарапынан тыйылмайтын негативті пікірлер екен. Соның салдарынан, жаңа альбомы аяқсыз қалып, концерттері кейінге шегерілген. Бірнеше айға созылған сауықтыру шаралары, Селенаны біраз ширықтыра түскендей. Ол әндер жазып, бұрынғы қалыпты тірлігіне қайта оралуда.  

Ал, Бритни Спирстің жүрегі лүпілдеп, көңілі күнде алып-ұшады. Бұл сөзімізге: «Ол мені сәт сайын шабыттандырып, маған қанат бітіруде» деген жазбасы дәлел. 24 жастағы Сэм Асгаримен жылға жуық көңіл жарастырып жүрген әнші, оның ұлдарыменде тіл табысып үлгерген. Ал Бритнидің жанкүйерлері, той болатын күнді тағатсыздана тосып жүр. Олар өнер иесінің әр постының астына мұндай сұрақтарды жиі қояды.

Бөксесімен белгілі Ким Кардашян, опа-далап бизнесінен кейін, енді иіс су өндіруге кіріскен. Ғашықтар күніне арнап шығарған жаңа әтірінің, үш күнде 300 мың қорабы сатылыпты. Жарнамасы инстаграм арқылы жүргізілген жаңа иіс су, Кимге 10 млн доллар көлемінде пайда әкелген. Жұлдызды бикеш

достарына да бір-бір данасынан тегін таратыпты. Олардың ішінде: Перис Хилтон, Тейлор Свифт, Анна Винтур сынды танымалдар бар. Ким болса, келешекте тек бұл кәсіппен тоқтап қалмасын жеткізді.