Фалловерлерімді тыңдаймын! Қайрат Түнтековты сахнаға қайта оралуға итермелеген қандай пікір?

Сообщить о проблеме с эфиром

Күні кеше, ресейлік продюсер Максим Фадеевтің өзінен шақырту алған Қайрат Түнтеков, сахнаға қайта оралуыма фалловерлерім түрткі болды дейді... Ал, отандық өнер жұлдыздары әлеуметтік желідегі оқырмандар пікіріне қаншалықты құлақ асады? Жауабын тілшіміз біліп көрді.

«Хейтерлер» немесе «жаман пікір қалдырушылар». Өнер жұлдыздары арасында, ғаламтор беттеріндегі жағымсыз жазбалардан жалыққандары жетерлік. Тіпті, танымалдардың кейбірі мұндай оқырмандарына ән де арнаған.

Алайда, өнер иелерінің барлығы Бүркіттің пікірімен бірауыздан келіспейді. Мәселен, Жазира Байырбекова өзінің фалловерлерін жан досындай санайды.

Жазира Байрбекова, әнші:                                                                                                

  - Кейбір кезде мен осы подписчиктерімнің арасынан, керемет ақыл айтатын адамдарды көріп қалам. Тіпті сырласым, ақылшыларым да табылып жатады сол инстадостардың арасынан. Олардың идеясын, олардың сынын, олардың маған деген ақылын мен құлаққа алып тұрам.                                                                                                       

Жанкүйерлерінің жылы лебізі жанына майдай жағатын жұлдыздар қатарында, Қайрат Түнтеков те бар. Ұзақ уақыт шығармашылық үзілісте болған серінің, сахна төріне қайта ораулына себепкер болған, сол оқырмандары көрінеді.

Қайрат Түнтеков, әнші:                                                                                                       

-Интернет, барлық жерді қарап отырсам, қаншама мысалы комментарий, 500 комментарий ме, соның бәрі жақсы жазады да мысалы. Сағындық Қайрат, балам деп апалар жазып кетеді. Сонымен кәдімгідей, битіп ойландым да, неге халық үшін шықпасқа дедім.                                         

Мазасыз «хейтерлерге» әрдайым шағымданып жүретін «Джейрандық» арулар да, фалловерлерінің білдірген тілек-ұсыныстарына құлақ асуға әзір. Тек, қыздар оқырмандарының пікірі орынды болғанын қалайды.                                                 

«Джейран» тобы:                                                                                                                      

-Егер, творчествоға байланысты айтылатын критика болса, біз оны дұрыс қабылдай білеміз. Егер, жұмыс жасайтын жерлер болса, әрине жұмыс жасаудан талмаймыз. Ал, егер жеке өмірге қатысты критиканы қабылдамаймыз. Себебі, ол тәрбиесіздікке жатады.