Джастин Бибер Селена Гомеске ұсыныс жасай ма?

Сообщить о проблеме с эфиром

Джастин Бибер ғашықтар күні қарсаңында Селена Гомеске ұсыныс жасамақ па? Қайырымдылық кешінде Селена Гомес те, Джастин Бибер де төбе көрсетпеді. Қос әнші күні кеше Лос-Анджелесте екі бөлек серуендеп жүргенде көзге түсті. Жанкүйерлері болса ғашықтар күні қарсаңында, Джастин сері сүйіктісіне үлкен сыйлық жасамақ деп жориды.

Джастин сері бозбалалығын қойып, үлкен өмірге қадам басуға даярланып жүр дейді жанкүйерлері. Ол ғашықтар күні қарсаңында Селена сұлуға үлкен сыйлық жасап, тұрмысқа шығу жөнінде ұсыныс та айтпақ көрінеді. Қазір Гомес пен Бибердің жұбы, ел көзіне көбірек түспеуге тырысып, жеке-жеке серуендейтін болған. Екі жасқа бақыт тілейтіндер тойдан да үлкен үміт етуде.

Кезінде үлгілі отбасы болған Бред Питт пен Анджелина Джоли, құжат жүзінде әлі де ерлі-зайыпты болып шықты. Екеуі де алты баласының бақыты үшін деп, қарым-қатынастағы бұл қиындықтарын ұмытуға тырысқан. Джолимен тұратын бала-шағасымен, Бред үнемі көріседі және бірге емін-еркін уақыт өткізеді. Жұптары екі жыл бұрын жазылған актерлер, ажырасу процесінде осындай астыртын ымыраға келгенін заңгерлері де жоққа шығармауда. 

Гарри ханзада мен Мегган Макрл болса, уақыты таяп қалған өздерінің неке қию салтанатына қызу дайындық үстінде. Жас жұбайлар үйлену тойларына шақырылған меймандардан, сыйлықты ақшалай әкелуді өтініпті. Екі жастан мұндайды ешкім күтпегені анық. Ханзада мен корольдік отбасының болашақ келіні, тарту ретінде келген қаржының бәрін қайырымдылық мақсатында жұмсауды көздеп отыр.