Әйгілі сәнгер Каролина Эррера мансабындағы соңғы топтамасын таныстырды.

Сообщить о проблеме с эфиром

Нью-Йоркте фэшн апталық аясында, әйгілі сәнгер Каролина Эррера ең соңғы топтамасын көрсетті. Маңызды шарада дизайнердің жақындары мен күйеуі Рейналдо қасынан табылды.

«Каролина Эррера» брендінің негізін қалаған 79 жасар дизайнер, компанияның креативті директоры қызметінен кетпек. Сән үйіне саналы ғұмырының 37 жылын арнаған өнер иесі, басшылық тізгінді 31-жасар Уэс Гордонға сеніп тапсырды.

Анна Винтур, «VOGUE» журналының бас редакторы:

- Каролина зейнетке шығып бара жатқан жоқ. Бар болғаны,  жаңа шыңдарды бағындыруға бел буып отыр. Брендтің әлемдік амбассадоры ретінде, ол сән үйінің ажырамас бір бөлшегі болып қала береді.