Сүндет Байғожин Димаш Құдайберген дуэт жазбақ! 

Сообщить о проблеме с эфиром

Эстрадада – Димаш Құдайберген, операда – Байғожин. Желіде жазылған дәл осындай жағымды пікірлерді оқып, Сүндеттің көңілі бір марқайып қалады екен. Тіпті, қос таланттың қайта дуэт жазуға құлшыныстары да бар көрінеді.

Сүндет пен Димаштың дуэті 2016-шы жылы Байғожин бақ сынаған «Большая опера» байқауында жазылған еді. Қазақ өнерінің бүгінгі дүлдүлдерінің бірлескен жұмысына, аспан асты елінің тыңдарманы таңдай қағып жатқан көрінеді. Қытайлық фанаттарының сұруымен қос талант әріптестікті қайта жалғастырмақ ниетте.

 Сүндет Байғожин – опера әншісі:

- Біз де алдағы уақытта мүмкін дуэт болып қалар деп ойлаймын. Өйткені, Қытайдан көп адамдар жазады маған. Мына дуэтті қашан естиміз, керемет дуэт, қашан келесіз Қытайға, сізбен танысқымыз келеді... Дауысыңызды естігіміз келеді.

Сүндеттің сөзінше, дәл осы дуэттен кейін Димаш «Ай эм сингер» жобасына аттанған. Ал, зор дауыстарымен әлемге қазақтың атын әйгілеген әншілердің қарым-қатынасы қандай?

Сүндет Байғожин – опера әншісі:

- Парижде жақында ЮНЕСКО-ның штаб-квартирасында концерт бердік. Сол кезде көрістік, сөйлестік. Көрініп тұр бұрынғыдан жүгі көп екені. Өте сондай байсалды, салмақты, өнер деген қиын нәрсе екенін түсініп келе жатыр. Өйткені контракт болғаннан кейін басқа талаптар. Бірақ, профессионалды тұрғыда өте жоғары өскен.

Әлем таныған Димаштың бүгінгі жетістігіне қол созуына, сүйікті кумирлерінің шығармашылығы шабыт сыйлаған. 

 Димаш Құдайберген – әнші:

- Мен үшін миллиардтаған халықтар бар және Майкл Джексон бар. Актерлардан Джеки Чан бар. Енді жетістікке жетелейтін, жеңістің дәмін татқызатын нәрсе, осы екі кісінің бойынан табылды мен үшін. Лучано Паворотти тамаша әнші. Өзім сүйіп тыңдайтын. Қазақта Ғарифолла Құрманғалиев тамаша әнші атамыз болған. Әміре Қашаубаев...