Айқынның тәлімгері миллионер Қайрат Құдайберген!

Сообщить о проблеме с эфиром

Айқынды көпшілік көгілдір экран арқылы танығанмен, жақын досы әншінің епті кәсіпкер екенін айтады. Қолы қалт етсе миллионерлерден кеңес сұрайтын Төлепберген, қандай табысқа кенеліп жүр?! Өнер иесінің бизнес жоспары жайлы, кәсіпкер Қайрат Құдайберген ашып айтты.

Қайрат Құдайберген – Қазақстандағы ең танымал ауқаттылардың бірі. Сондай-ақ, өнер өкілдерімен де достық қарым-қатынаста. Қазіргі таңда құрылыс саласында кәсібін дөңгелеткен жігіт ағасының, бизнеске құштар жандарға бүйрегі бұрып тұратыны бар.

Қайрат Құдайберген, бизнесмен:

- Айқын мысалға қазір өзінің бизнесін алға тартып, бірнеше қадамдар жасалып жатыр. Бірнеше бизнес көздері бар. Оған мен дос ретінде консультация беріп, көптеген адамдармен қарым-қатынаста болған соң көп жерде «скидка» беріп, «недвижимость» алғанда көместесіп, өсиеттер беріп отырамын.

Білікті бизнесмен Айқынмен қатар, Нұрлан Қоянбаев, Бүркіт, Қайрат Нұртас, Ләйлә Сұлтанқызы, Динара Сәтжан сынды танымалдармен де тығыз байланыста екен. Жоғарыда аталған жұлдыздар несие мәселесіне келгенде Құдайбергеннің кеңесіне жүгінеді.

Қайрат Құдайберген, бизнесмен:

- Біз бір-бірімізге кеңес береміз. Ләйлә болсын, Динара болсын, Бүркіт болсын, Қайрат болсын... Енді, менің бизнеске деген көбірек тәжірибем бар да. Сол себептен соларға өсиет беремін. Бастаулары бар болған соң ең маңыздысы өзін кәсіпкер ретінде тану, ең күшті тренд болып жатыр.

Қайраттың сөзінше, «бизнес саласында да трендте болуы үшін, тек танымалдылықпен ғана табысқа кенелу аздық етеді» - екен.  

Қайрат Құдайберген, бизнесмен:

- Қазіргі таңда маркетингті үлкен бір ауқымды білім ретінде танимын. SMM-ді дұрыс істейді. Бірақ енді білім жетпесе көбірек бизнес кітаптарды оқып, көкжиекті кішкене кеңейтіп, өзінің сана-сезімін басқа бизнес ретінде бұрмалап, жаңа қадамдар бастаса нұр үстіне нұр болады.