Отандық картиналар да «Оскар» алуы тиіс!

Сообщить о проблеме с эфиром

Ақан Сатаев «Оскарға» лайық! Дәл осылай пікір білдірген отандық жұлдыздар, елімізде таспаланған туындылардың да танымал кинобәйгеге қатысуы керек деген ойда. Тіпті, олардың арасында үздіктерді іріктеп қойғандары да бар.

Жуырда ғана әуесқой режиссерлік тізгінді қолына алған Бүркіт, өз картинасын «Оскарға» үміттілер тізімінен көрмейді. Алайда, әнші тығыз кестесіне қарамастан, уақыт тауып биылғы отандық фильмдерді көріп шықпақ.

Бүркіт, әнші:

- Осы қазіргі таңда, наурыз айының ішінде, барлық киноларды көргім келіп отыр Қазақстан режиссерлерының. Бірақ, маған осы соңғы кинолардан ұнағаны, «Бизнес по-казахски в Америке». Өте жақсы туынды, маған қатты ұнады. Көз жасым шыққанша күлдім ғой.

Көтеріңкі көңіл-күй сыйлағаны үшін «Бизнес по-казахски» марапатқа лайық деген Бүркіттің сөздерін, Айнұр Ілиясова қостай қоймады. Актрисаның «Оскарға» ұсынатын өз фавориттері бар.

Айнұр Илиясова, актриса:

- Енді, Ақан Сатаевты қосуға болады, әрине. Өте бір мықты бетке ұстар, онымен қатар Нұртас Адамбай. Жас болса да, таспалап жүрген мықты жігіттердің бірі. Одан басқа, Асқар Бисембиннің кинолары жақсы деп ойлаймын өз басым.

Алайда, Асқар Бисенбиннің өзі бұлай деп санамайды.

Асқар Бисембин, режиссер:

- Дәл қазір отандық туындылардың ішінен, ауқымды кинобәйгеде бағын сынайтын картиналар жоқтың қасы. Фестивальдерге қатысу үшін, талаптарға сай қылып таспалау керек. Ал, режиссерлер оны орындағысы келмейді.

Отандық картиналарды жарытпаған режиссер, «Оскарға» қатысты өз болжамын жасады.

Асқар Бисембин, режиссер:

- «Три билборда» картинасы ұнады. Меніңше ол фаворит атанады. Әлеуметтік астары болғандықтан,  қазылар алқасына міндетті түрде ұнауы тиіс.

Ал, режиссер тұспалының дұрыстығын алдағы уик-ендте білетін боламыз. Биылғы «Оскардың» нәтижесі наурыздың 4-і белгіленбек!