«Анджелина Джоли емеспін!» Алисия Викандер фильмнің тұсауын кесті

Сообщить о проблеме с эфиром

Санаулы күндерден соң әйгілі Лара Крофт туралы картина көрерменге жол тартпақ. Туындыға түскен Алисия Викиндерге актриса ретінде қиын болғаны сөзсіз. Себебі ол, сонау 2001 жылы Анджелинаның қатысуымен таспаланған лентаның  жалғасында төбе көрсетті. Алайда, Викандер өзін Джоли ханыммен салыстырмауды сұрайды.

Алисия Викандер, актриса:

-Бұл кейіпкерлерді видеойындар арқылы танып өстім. Ал, Анджелина Джоли экрандағы Лара Крофтың үлгісін  жасаған адам. Сондықтан, мені ол актрисамен салыстыру артық болар.

«Tomb Raider:Лара Крофт» картинасы наурыз айының 16-сынан бастап үлкен экрандарға жол тартпақ!