Динара Сәтжан төрт жасар қызын танымал етпек.

Сообщить о проблеме с эфиром

Шетелде танылып жатқан тек Димаш Құдайбергенов ғана емес. Мәселен, отандық дизайнерлер ресейде өткен фешн уикке қатысып, көпшіліктің таңданысын тудырған. Сәнгерлеріміздің тың топтамасы туралы тілшіміз тарқатсын.

Mercedes-Benz Fashion Week-тің сахнасында алғашқы болып ресейлік дизайнер Вячеслав Зайцев топтамасын таныстырды. Алла Пугачеваның сүйікті сәнгеріне айналған серіге, бұл жолы шалқар шабытты өз халқының шығармашылығы сыйлаған көрінеді. Ұлттық дәстүрін қайта жандандыруға бетбұрған ол, дәл осылай ел есінде қалуды көздеген.

Ресейлік фешн-уикке ортақтасқан қазақстандық дизайнерлер де шетелдік әріптестерінен қалысар емес. Динара Сәтжан бастаған отандастарымыздың, көркем киім үлгілері көпшіліктің көңілінен шықты. Моншақтармен көмкерілген көйлектер, нәзік түстермен тамаша үйлесім тапқандай.

Ал, сәнгерлеріміздің көрсетілімінде сахнада алғаш болып Динара Сәтжанның төрт жасар қызы төбе көрсетті. Әсем қара көйлек киген бүлдіршіннің бұл бірінші фэшн-шарасы емес. Ал, кештің кішкентай сәнқойын қызық көрген меймандар, балдырғанды суретке түсіріп қалуға тырысты.