Құрамаға шақыртылған Сейдахмет, Стоилов сенімін ақтай ма?

Сообщить о проблеме с эфиром

Кезінде «Астана» клубының бағын ашқан Станимир Стоиловтың, Ұлттық құрама тізгінін ұстағаны кеше ғана. Бапкер елдің басты командасының намысын қорғауға, «Уфада» ойнайтын 18-жасар Еркебұлан Сейдахметті де шақыртқан. Жас аяқдопшы сенімді ақтай ала ма? 

Бас бапкер Станимир Стоиловтан шақырту алған 24 ойыншының 12-і «Астана» командасында, 9-ы «Қайрат» клубында доп тебеді. Сонымен қатар, Ресейлік «Уфадан» 18-жасар Еркебұлан Сейдахмет, «Ордабасыдан» Сергей Хижниченко мен Еркебулан Тұңғышбай бар. Ұлттық құрама қақпасын күзету мәртебесі Александр Мокин, Ненад Эрич пен  Владимир Плотниковке бұйырған.

Ел құрамасындағы қорғаушылық міндет Юрий Логвиненко, Дмитрий Шомко, Абзал Бейсебеков, Сергей Малый, Евгений Постников, Ғафуржан Сүйімбаев, Елдос Ахметов, Станислав Лунин, Нуралы Әліпке жүктелмек. Жартылай қорғаушылар шебінде Серікжан Мұжықов, Бактиер Зайнутдинов, Бауыржан Исламхан, Исламбек Куат, Георгий Жуков, Магомед Парагульговтер тұр. Шабуыл өтінде тағы Алексей Щеткин, Роман Муртазаев, Юрий Перцух бар.

Ұлттық құрамамыз 23-наурызда  Будапешт қаласында Венгриямен, ал  26-наурыз күні Фельчут шаһарында Болгария құрамасымен жолдастық матчтар өткізеді. Жоғарыда аталған ойыншылардың негізгі құрамда қайсысы алаңға шығатыны бас бапкер Станимир Стоиловтың құзырында. «Астана» командасын    талай жетістіке жеткізген жаттықтырушыдан жанкүйерлер нәтижелі ойын күтуде.