«Empire Awards» марапаты үздіктерін анықтады

Сообщить о проблеме с эфиром

Майли Сайрус махаббатқа мас болып жүргенде, арудың өзге әріптестері «Empire Awards» кешінде бас қосты. Әйгілі марапат кино саласының кіл мықтыларына жүлде үлестірген болатын. Алайда, танымалдар арасынан сыйлығына риза болмағандар да кездесті.

Киноәлемінің ең танымал басылымы - Эмпайрдың арнайы жүлдесіне «Звездные войны: Последние джедаи» картинасы қарық болды.  «Үздік фильм» атанған лента, айтулы кеште төрт бірдей марапатты еншіледі.

Марк Хэммил, актер:

- Бұл ғылыми фантастиканың астарында ертегі жатыр. Біздің лентадан өзгеше кейіптегі ханшайым, сиқыршы мен қарақшы образдарын байқауға болады. Сондықтан да халықтың көңілінен шықты деп ойлаймын.

Атап айтсақ, «Эмпайр эвордстың» жүлдегелерлері көпшіліктің дауыс беруы арқылы таңдалады. Халықтың пайымымен, Стивен Спилберг «Аңыз адам» марапатына лайықты деп танылған. Алайда, әйгілі режиссердің өзі, сыйлығына разы болмағандай.

Стивен Спилберг, режиссер:

- Киносаласының аңыз тұлғасы деп өзімді есептемеймін. Бұл атақ Дэвид Лин, Альфред Хичкок сынды режиссерларға тиесілі.

Атышулы «Смерть Сталина» картинасы да жеңімпаздар қатарында. Туынды «Үздік комедия» атанса, Николь Кидман мен  Джейсон Айзекс өз шеберлігінің арқасында, «Үздік актриса» мен «Үздік актер» жүлделерін еншіледі.