Шадияр Абдуллаев эротикалық сахналарға да түсуге дайын екенін айтты.

Сообщить о проблеме с эфиром

Кан фестиваліне қатысатын өнер өкілдері, қызыл кілемде селфи жасай  алмайтындарына қапалы. Ал, енді елге танылып келе жатқан жас актер - Шадияр Абдуллаевтың болса, қолы жанкүйерлерімен суретке түсуден босамайды.

Қайрат Нұртас пен жұбайы Жұлдыз басты рөлді сомдайтын «Арман» фильмі, кейбір жас актерлерге де жолашар болғаны анық. Соның бірі, аталмыш картинада жұртқа «Жако» болып танылған - Шадияр Абдуллаев. Ол бүгінде түсірілім алаңдарында аянбай тер төгіп жүрмін дейді.

Шадияр Абдуллаев, актер:

- Клиптарға шақырады, реклама, қазір сериалдарға шақырып жатыр және киноға.

Қызылорда қаласының тумасының арманы - Голливудты бағындыру. Тіпті, ашық образдарды сомдауға, эротикалық сахналарға да түсуге дайын. Негізі Шадияр киноға мүлде басқа саладан келген екен.

Шадияр Абдуллаев, актер:

-Мұнай-газ ісін бітірдім. Құрылыс компаниясында жұмыс істеймін. Киноға түсем, спортпен айналысамын, тағы көп. Бос уақыт жоқ.

Осындай қарабаласпен, өссем деп «бағын ашатын» рөлін күтіп жүрген ол, елдің есінде «Қыз Жібектегі» Бекежандай болып мәңгі қалғысы келетін көрінеді.

Шадияр Абдуллаев, актер:

-Құдай қаласа, еңбектену керек. Еңбектенбесең қазір мен сияқты Шадиярлар жетеді. Сол үшін еңбектену керек.

Шадиярды, кей жанкүйерінің  «Три метра над уровнем неба» атты испандық мелодрамадағы «Ачеге» жиі ұқсататыны бар. Және де серіні «қызқұмар» дейтіндер де көп екен. Ал, өзі арманымдағы ару жолықса үйленемін дейді.

Шадияр Абдуллаев, актер:

-Ақылы тоқтайды дейді ғой жігіттің 25-ке келгенде.  Сондай сезім болып жүр менде қазір. Махаббатқа тап болғым келеді, жүрегімді ашып, басымды ауыртып құлағым келіп тұр да.