Елизавета патшайым 96 жасар жұбайының денсаулығына алаңдаулы!

Сообщить о проблеме с эфиром

Соңғы уақытта, патшалық отбасының ресми жиындарынан  көрінбей кеткен, Филипп ханзаданың жағдайынан хабардар болдық. Жасы келген герцогке, жедел түрде ота жасауға тура келген. 100-ге таяған күйеуінің денсаулығына, Елизавета патшайым да қатты алаңдаулы... 

Келін түсіріп қуанып жатқан патшалық әулет, кенеттен сары уайымға салынды. Елизавета патшайымның жұбайының омыртқасына жедел түрде ота жасауға тура келген. Қарт ханзада Филипптің соңғы кездері ресми жиындарда көрінбеуі, денсаулығының сыр беруіне байланысты екен. 96-жасқа келген ақсүйектің   жағдайына барша Британия елі алаңдаулы. Олар Филиппті, бір айдан кейінгі Гарри мен Меган Марклдың үйлену тойына дейін аяққа тұрар деген үмітте. 

Кайли Миноуг болса, тойы алдында аяқ-асты болашақ жарымен айрылысқан еді. Дегенмен, ол өзінен 19 жас кіші экс-ғашығын ұмытпаған сыңайлы. 49 жасар әнші әлі күнге дейін, жүрегін жаралаған Джошуа Састы ойлап жүргенін жасырмады. Онымен қарым-қатынастан жақсы сабақ алдым деген Кайли, «енді қалыңдық көйлегін кимеспін» деп ант беріп отыр.

Пэрис Хилтон болса, тойға қызу дайындық үстінде. Әнші бүгінде, актер Крис Зилкпен шаңырақ көтеруді жоспарлап отыр. Келешек қуаныштың алдында,  ғашықтар неке келісімшартына отыруды ұйғарған. Пэристің 50 шақты дүкені мен 19 түрлі киім брендін қосқанда, 300 млн долларға жуық дүние-мүлкі бар көрінеді. Сақтануды жөн көрген бикеш, болашақ күйеуіне деген сенімсіздігін жасырмайтындай.. «Әр азамат неке келісімшартын ұстануы тиіс» дегенді құптайтын Крис, енді жұбайының байлығына қол сұға алмайтын болады.