«KZ» пен «Перцы» тобы қайта құрылмақ па?!

Сообщить о проблеме с эфиром

«KZ»  тобы естеріңізде шығар, иә?! Мына клипке қарап: «Керемет кездер еді» -  деп ностальгияға бөленіп те үлгерген шығарсыз.. Айтпақшы, жақында Рүстем мен Бейбіттің бірігіп ән салғанына куә болуымыз да мүмкін. Сонда дуэт қайта құрылмақ па?!

Соңғы уақытта Рүстем мен Бейбіт бірге түскен суреттерін, желіге жиі жүктейтін болған. Мұны байқаған оқырмандары, бір жақсылықтың боларын болжап үлгерген. 

Рүстем Нұржігіт, әнші:

-Жақында кездестік. Сол түсірілімде бірге болдық. Араласуымыз бар ағалы-інілі. Сыйластығымыз бар арамызда! Ондай жиі болса да, артық болмас деп ойлаймын!

Дәл осындай жиі жүздесудің соңы, «KZ» тобының қайта құрылуына себеп болуы мүмкін. Бұрындары бір ұжымда ән салған жігіттер, жақында бірігіп ән жазып жатса, таң қалмаңыз! 

Рүстем Нұржігіт, әнші:

-Негізі ниет бар! Мысалы мен Бейбітпен әрқашанда бір дуэт жасап жатсақ, тағы бір қызықты дүниелер жасап жатсақ мен еш қарсы емеспін. Ендігі қадам, ол мен немесе Бейбітке жақсы бір идеялар келіп жатса, әнге. Неге жасамасқа?!

Айтпақшы, «Перцы» ұжымының жігіттері де бойзбендтің жұмысын қайта жандандыруға қарсы емес! Суперстарлық достарын жанына жиып, топ тыңдармандарын тәнті қылу идеясы, Ринат Малцаговты қайта-қайта мазалап жүрген көрінеді.        

Ринат Малцагов, әнші:

-Менде негізі ниет бар. Анда-санда «Перцы» тобымен шығып және өзімнің жеке шығармашылығымен де. Ал жаңағы балаларды алатын болсақ Ерлан продюсер, директор. Соның жұмыстары өте көп. Женяның да жеке басқа жұмыстары бар.

2010-жылы тараған топ, өткен жылы Нұржан Керменбаевтың 10 жылдық есеп беру кешінде қайтадан бас қосқан болатын.