Дакота Джонсон психолог маманға жүгінуге мәжбүр болды!

Сообщить о проблеме с эфиром

Дакота Джонсон болса, жақында шығатын «Суспирия» фильмінде рөлдердің бірін сомдаған еді. Актриса осы киножобадан кейін, психолог мамандардың көмегіне жиі жүгінуге мәжбүр. Жұлдыз мұндай хәлге қалай душар болды?

Үрейлі кинотуындыда алғаш рет бой көрсеткен Дакота, өз кейіпкерінің образына қатты беріліп кеткен көрінеді. Актриса «Elle» журналына берген сұхбатында, жаны күйзеліске түскенін айтқан. Бұған себеп, оның «Суспирия» фильмінің түсірілім алаңынан алған әсері екен. Енді, Джонсон бикеш психолог мамандардың көмегімен ғана өз-өзіне келмекші.

***

Брэдли Купер болса дебюттік картинасының тұсауын кесті. Нью-Йорк қаласында өткен Трайбек фестивалінде, ол «Жұлдыз дүниеге келді» атты туындысының трейлерін ұсынды. Актер, өзі режисерлық еткен алғашқы жобасында, басты кейіпкердің бірін сомдайды. Ал Брэдлидің фильмдегі жұбының рөлі - әнші Леди Гагаға бұйырыпты. Кинотуынды осы жылдың күзінде көрерменге жол тартпақ.

***

«Анатомия страсти» телехикаясы 15-ші маусымға созылады. Жоба авторларының шешімі бойынша оқиға өз жалғасын таппақ. 14 жыл бойы телеэкрандарда көрсетіліп жатқан картинаның, көрермен көзайымына айналғаны рас. Бұл жолы актриса Джина Дэвис те түсірілім алаңына қайта оралмақ. «АВС» компаниясының сараптамасы бойынша аталмыш сериал, әлем бойынша үздік бестіктің қатарында екен.